Астанада мониторинг тобы учаскелердің мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімділігін тексерді

Астанада мониторинг тобы учаскелердің мүгедектігі бар жандар үшін қолжетімділігін тексерді
Фото: Арнайы мониторинг тобы

Референдумға дайындық аясында Астана қаласында арнайы мониторинг тобы референдум учаскелерін аралап, мүгедектігі бар азаматтардың өз сайлау құқығын кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалуын тексерді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мониторингтік топ құрамына қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылар кірді. Учаскелердегі пандустардың талаптарға сәйкестігі, арнайы жабдықталған дауыс беру кабиналарының қолайлылығы, Брайль шрифтімен жасалған трафареттер мен нашар көретін жандарға арналған үлкейту құралдарының болуы, сондай-ақ ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының қолжетімділігі тексерілді.

Тексеру барысында кейбір учаскелерге техникалық жақсарту енгізу жөнінде ұсыныс берілді. Анықталған олқылықтарды референдум күніне дейін жою туралы тиісті комиссияларға нұсқама жолданды.

Астана қаласында референдум өткізу үшін 430 учаске жұмыс істейді. Қазіргі уақытта олардың барлығы дерлік маңызды саяси науқанды өткізуге дайын. Жауапты органдар барлық азаматтардың, соның ішінде мүгедектігі бар жандардың да, референдумға толыққанды қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр.