Астанада Мансап орталығы үш мекенжайда жұмыс істей бастады

Бүгін, 14:56
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Мансап орталығы үш мекенжайда жұмыс істей бастады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада тұрғындарға қолайлы болу үшін Мансап орталығы енді үш жерде жұмыс істейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап. 

Орталықтар қаланың бірнеше ауданын қамтиды:

- Есіл–Нұра аудандары бойынша Достық даңғылы, 13;

- Сарыарқа–Байқоңыр аудандары бойынша Бейбітшілік көшесі, 9;

- Алматы–Сарайшық аудандары бойынша А. Байтұрсынұлы көшесі, 29/2 ғимаратында қызмет көрсетеді.

Соңғы үш ай ішінде Мансап орталығының жұмыспен қамту шараларына 5160 адам қатысқан, оның 2560-ы — жастар.

Жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер үшін «Жастар практикасы» бағдарламасы қарастырылған. Бағдарлама аясында ай сайын 130 мың теңге көлемінде жалақы төленеді. Қазіргі таңда 400-ден астам жұмыс беруші 1500 бос жұмыс орнын ұсынып отыр.

Ал 50 жастан асқан азаматтарға «Күміс жас» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі беріледі. Бұл жоба бойынша қатысушылар 3 жылға дейін жұмыспен қамтылып, жалақысының 70%-ына дейін мемлекет тарапынан субсидияланады.

Сонымен қатар, кадр тапшылығын сезінген жұмыс берушілер қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыруға өтінім бере алады.

Бұдан бөлек, Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 1900 ұйым тарапынан 5000-нан астам бос жұмыс орны жарияланған.

Еске салайық, HR Enbek порталында еңбек шарттарындағы деректерді түзету функционалы іске қосылды