City Transportation Systems ЖШС Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларына (машинист) қосымша қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:
- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;
- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;
- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.
City Transportation Systems ЖШС мынаны ұсынады:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;
- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Оқыту Астана қаласында жүргізіледі. Оқу мерзімі – 8 ай.
Бағдарламаның мақсаты – мамандандырылған компанияларды жұмысқа тартпай, жеңіл рельсті көлікті пайдалану, ағымдағы және күрделі қызмет көрсету үшін білікті мамандарды даярлау.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;
- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл.
- Ауысымдық кестемен жұмыс істеуге дайын болу.
Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: cts.gov.kz.
Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 31).
Айта кетейік, қазіргі уақытта LRT пойыздарының 29 операторы Тяньцзинь қаласында (ҚХР) оқып жатыр. Оқудың аяқталуы қыркүйек айында сынақ сапарларының басталуына жоспарланған. Оқыту мердігер ұйым – China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясымен LRT салу шартының шеңберінде іске асырылады.