Астанада Сауран көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына келген ТЖМ бөлімшелері 11 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады.
«Өрт 15 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, елордада LRT билетінің құны 200 теңге болатынын жаздық.