Астанада көпқабатты ғимаратта өрт шықты – ВИДЕО
Астанадағы Сарайшык ауданында, Бөлекпаев көшесінде орналасқан көпқабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жоғары шақыру рангі бойынша жұмыс істеді. Алғашқы бөлімшелер келген сәтте ғимарат ішінде қалың түтін байқалған.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері барлау жұмыстарын жүргізіп, түтіннен қорғау қызметінің арнайы топтары іске қосылды. Өрт ғимараттың жертөле қабатындағы саунаның бу бөлмесінен шыққаны анықталды», делінеді хабарламада.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін шамамен 150 адам өздігінен сыртқа эвакуацияланған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланып, кейін толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда жағдай бақылауда.