Астанада коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреу жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының ыңғайлы және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында көше тазалау жұмысы үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Қар күреу жұмысына 1 610 арнайы техника (арнайы машиналар, щеткалы тракторлар, сыпырғыш техникалар, құм сепкіш, автогрейдерлер) және 2 682 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Коммуналдық қызметтер алдымен магистральдық көшелерді, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдарды және аялдама павильондарын қар мен көктайғақтан тазартады.
5 қарашадан бері елорда аумағынан 272 рейс арқылы 3,3 мың текше метрден астам қар шығарылған.
Қала көшелері мен тротуарларына тұрғындардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін техникалық тұз себіледі.
Қар алты арнайы полигонға жеткізіледі, олардың барлығы бейнебақылау камераларымен жабдықталған және онлайн-мониторинг жүйесімен қадағаланады.