10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада есірткі жарнамалайтын 197 сайт бұғатталды

|
Photo: Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада есірткі жарнамалайтын 197 сайт бұғатталды

|
Photo: Фото: Е.Каналимовтың Instagram парақшасынан

Астана қаласының Полиция департаментінде өткен көшпелі кеңесте қала тұрғындарын алаңдатқан қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Есірткі бизнесі мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері қозғалды. Биылғы 10 айда құқық қорғаушылар 345 есірткі қылмысын тіркеген, бұл өткен жылдың деңгейінен екі есеге артық. Есірткілерді насихаттау ғаламтор кеңістігінде белсенді жүріп жатыр.  

«Қазіргі таңда 197 есірткі жарнамалайтын сайт бұғатталды. Сонымен қатар, 147 әлеуметтік жағынан осал отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі мәселелер бойынша шешім қабылдаймыз: есірткіні сату сайттарын бұғаттау; көңіл көтеретін газды айналымда бақылауды күшейту; есірткі қолдануды анықтау мақсатында тестілеу жүргізу, сондай-ақ, мектептердің бірінде жасырын сауалнамалар арқылы есірткі тұтыну жағдайларын анықтау», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.

Айта кетейік, Астана тұрғындары заң бұзушылықтарды қосымша арқылы хабарлай алады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗