Астанада азаматтық қорғаныс әскери бөліміне іріктеу басталды

Бүгін, 13:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада азаматтық қорғаныс әскери бөліміне іріктеу басталды
Фото: Астана қалалық ТЖД

Астанада мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды 55209 азаматтық қорғаныс әскери бөліміне іріктеу және алдын ала зерделеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Іріктеу 18-27 жас аралығындағы азаматтарға арналған. Болашақта оларды азаматтық қорғау бөлімшелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

«Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды және Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде қызмет өткеруге ниетті азаматтар Астана қаласы ТЖ департаментіне жүгіне алады. Мекенжайы: А. Жангелдин көшесі, 24. Байланыс телефондары: 99-93-28, 55-96-93, 8 705 325 74 74», делінген хабарламада.

Сондай-ақ жастарды әскери қызметке ынталандыру мақсатында Қорғаныс министрлігі бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырған. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде кредиттік каникул беру және ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі ұсынылады.

Еске салсақ, Астанада 400-ден астам әскери кафедра түлегі ант қабылдады.