26.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада автобуста газ баллонын қолданған жігіт жауапқа тартылды

|
Photo: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада автобуста газ баллонын қолданған жігіт жауапқа тартылды

|
Photo: polisia.kz

Елордада қалалық автобустың ішінде екі таныстың арасында жанжал шығып, 18 жастағы жігіт жабық кеңістікте газ баллонын қолданып, автобустан шығып бара жатқан досына қарай бүріккен, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Шашылған газдың салдарынан жолаушылар жөтеліп, демалуы қиындай бастаған. Автобус жүргізушісі бірден көлікті тоқтатып, салонды желдетіп, полиция шақырған.

Жолаушылардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады.

«Полицейлер тәртіп бұзған азаматтың жеке басын анықтап, сот шешімімен 5 тәулікке қамау жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада

Полиция азаматтарды арнайы құралдар мен өзге де әлеуетті қауіпті заттарды қолдану ережелерін сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырады. Адам зардап шегуі мүмкін жағдайларды әдейі туындату – заң бойынша елеулі жауапкершілікке әкеледі.

Қолданыстағы заңнама және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында мұндай құқық бұзушылықтардың барлығының қатаң түрде жолы кесіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗