Мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы заң бұзушылықтар жойылды: 80 мыңнан астам кәсіпкер мен 400 инвестордың құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Астана қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен мемлекеттік сатып алу веб-порталы операторының қызметінде кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қозғайтын заң бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру барысында жекелеген тарифтер бойынша қызмет көрсету мерзімінің бір жылдан аз болғаны, сондай-ақ кейбір тарифтердің құны уәкілетті орган белгілеген мөлшерден жоғары болғаны анықталды. Сонымен қатар көрсетілген қызметтерді ұсыну тәртібі мен тарифтерді қалыптастыруды реттейтін тиісті нормативтік құқықтық реттеу болмаған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жойды, қызметтердің құны қайта есептеліп, артық төленген тарифтік айырма қайтарылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 80 мыңнан астам кәсіпкер мен 400-ден астам инвестордың құқықтары қалпына келтірілді. Жіберілген заң бұзушылықтар үшін үш лауазымды тұлға заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Астанада 80 мыңнан астам кәсіпкер мен 400 инвестордың құқықтары қорғалды
30 маусым, 2026
Фото: Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
6 қазан, 2026
Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңарады: 2027 жылы не өзгереді
6 қазан, 2026
Атырауда 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қорғалды
6 қазан, 2026
Астанада автосалон директоры 128 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін сотталды
6 қазан, 2026
Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды