Астана үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
28 мамыр, 2025
Фото: Сұлтан Сейіт
Қатарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.
Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:
• Қазақстан – 54,68%;
• Франция – 45,32%.
Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайтын болады.
Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:
• 2027 – Қазақстан (Астана);
• 2028 – Жапония (Фукуока);
• 2029 – Бразилия (Рио-де-Жанейро).
Ұқсас жаңалықтар
22 ақпан, 2026
Абзал Әжіғалиевті жанкүйерлер Астана әуежайында қарсы алды
21 ақпан, 2026
Ұландықтар Астанада өткен халықаралық дрон-жарыста жүлдегер атанды
20 ақпан, 2026
Қысқы Олимпиадаға спортшыны даярлау үшін қандай мемлекеттік қолдау қарастырылған
20 ақпан, 2026
Азия чемпионатының алдындағы сынақ: Боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады