Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 15:49
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды
Фото: Арлан Олжабай/ҚР ҰОК

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Азиада-2026 ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз қытайлық Тайбэй өкілі Хун Цзюнь И-мен кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Батырхан Төлеуғали жарысты жартылай финалда аяқтап, Азиаданың қола жүлдегері атанды.