04.12.2025
RU
Мәзір

Астанадағы ювеналды сотта ата-ана арасындағы дауға нүкте қойылды

|
Астанадағы ювеналды сотта ата-ана арасындағы дауға нүкте қойылды
Фото: freepik.com

Астаналық ювеналды сотта Б.-ның талап қоюы бойынша балалармен кездесуді реттеу туралы Г.-ға қатысты азаматтық іс қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тараптардың некесі бұзылғаннан кейін мүлікті бөлу мәселелері бойынша да келіспеушіліктер туындаған.

Кикілжің жағдайында аналары әкенің балаларымен кездесулерін шектегендіктен бұл талап қоюшының өз кәмелетке толмаған балаларының тәрбиесіне қатысу құқықтарына әсер еткен.

Өз ата-аналық құқықтарын қорғау мақсатында балалардың әкесі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына жүгінген.

«Істі қарау нәтижесінде балалармен кездесудің уақыт кестесі бойынша ұсыныс берілген, алайда талап қоюшы ұсынылған шарттарға келіспей, сотқа жүгінді.

Сот талқылауы барысында татуласу рәсімдері жүргізіліп, сондай-ақ мамандардың қатысуымен әлеуметтік-психологиялық зерттеу тағайындалды.

Сот ісін қарау кезінде психологтың ұсыныстары мен балалардың өз пікірлері ескерілді», - делінген Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

Медиация нәтижесінде тараптар балалармен әкенің кездесулерінің нақты және теңгерімді кестесін белгілейтін, кәмелетке толмағандардың мүдделеріне сәйкес келетін медиативтік келісімге қол қойды.

Ювеналды сот аталған келісімді бекітті, оның заңнама талаптарына сай екенін және балалардың жан-жақты дамуы үшін ең жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗