20–22 қазан аралығында Астанада алғаш рет өтіп жатқан ICAO Security Week 2026 халықаралық апталығы аясында Астана халықаралық әуежайы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасасты, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуежайдың баспасөқз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл келісім авиация мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға, оқыту бағдарламаларын дамытуға, сондай-ақ техникалық және сараптамалық қолдау көрсетуге жол ашады.
Бастама авиация саласындағы тәжірибе алмасуға және халықаралық әріптестікті нығайтуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Еске сала кетсек, Elordainfo.kz тілшісі елорда әуежайының өткеніне үңіліп, бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағытына шолу жасаған еді.

