Референдум-2026

Астана әуежайы жаңа перрондық автобустармен толықты

Бүгін, 15:38
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астана әуежайы жаңа перрондық автобустармен толықты
Фото: Астана әуежайы

Астана халықаралық әуежайы жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту және арнайы техникалар паркін кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта әуежайға заманауи екі перрондық автобус жеткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Жаңа автобустар жолаушыларды терминал мен әуе кемелері арасында қауіпсіз әрі жайлы тасымалдауға арналған. Кең салоны, заманауи желдету және ауа баптау жүйелері, сондай-ақ жоғары жолаушы сыйымдылығы ішкі және халықаралық рейстерге қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Арнайы техникалар паркін жаңарту – Астана халықаралық әуежайын кешенді дамыту бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі. Бұл жұмыстар өндірістік үдерістердің тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Air Astana: 21 шілдеден бастап Дубайға рейстер уақытша тоқтатылады

Айта кетейік, жолаушылар ағынының тұрақты өсуі мен елорда әуе айлағын дамыту стратегиясына сәйкес жерүсті инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.