Ормуз шығанағы мен өңірдегі жағдайдың нашарлауына байланысты Дубай бағыты бойынша рейстер 21 шілдеден 31 тамызға дейін уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Air Astana әуе компаниясына сілтеме жасап.
Әуе компаниясының мәліметінше, 21 шілдеге дейінгі рейстер Дубайда жүрген жолаушыларды елге қайтару мақсатында орындала береді.
Рейстердің тоқтатылуына байланысты жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, сондай-ақ Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау мүмкіндіг ұсынылды.
Еске салсақ, Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ әуежайға кері қайтқан еді.