Ақмолаға 120 түйіншек синтетикалық есірткі әкелген шетелдік ұсталды

Ақмолаға 120 түйіншек синтетикалық есірткі әкелген шетелдік ұсталды
Фото: ІІМ

Шетелдік ірі көлемде синтетикалық есірткіні Көкшетеуға жеткізу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктіні Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қолға түсірді.

Полиция мәліметінше, шетел азаматын тінту барысында мефедрон болуы ықтимал 120 түйіншек табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан. Күдікті тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауы тиіс болған.

Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, биыл есірткі қылмысына қатысы бар 76 шетелдік ұсталды.