Ақмола облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған әкесі мен баласы ұсталды
Ішкі містер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Ақмола облысында ірі есірткі зертхасын жойды, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен.
Арнайы операция барысында 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор, түрлі жабдықтар тәркіленді.
«Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 млрд теңге немесе 10 млн АҚШ долларынан астам. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Прекурсор басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Полиция дер кезінде бұл қылмыстың жолын кесті.
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Бұған дейін есірткі айналымына қатысқан 23 жасөспірімнің ұсталғанын жазған едік.