Медеу ауданында ұйымдасқан қылмыстық топ жеке үйлерде жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасын ашқан, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зертханаларда психотроптық заттар дайындалып күн сайын заңсыз айналымға шығарылып отырған.
Прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері жасырын есірткі зертханасына қатысы бар 7 адамды ұстады. Ал қылмыстық топ қызметін ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланды.
Ал қалған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот үкімімен кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды.