11.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды

|
Photo: Фото: Freepik
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматыда TikTok арқылы құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды

|
Photo: Фото: Freepik

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды. Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады. Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Айта кетейік, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған. Бұл – интернет кеңістігінде белсенді жастардың құмар ойындарына тартылу қаупін арттырып, зиянды әдеттерге, тәуелділікке және қаржылық қиындықтарға әкелуі мүмкін қауіпті әлеуметтік үрдіс.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗