Алматы – Қорғас тасжолында шанағы көтерілген жүк көлігі бақылау аркасын зақымдады
«Алматы – Қорғас» ақылы жолдың 120-шақырымында Shacman жүк көлігі «Шелек» бақылау аркасын зақымдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, жүк көлігі шанағы көтерілген күйде жүрген. Бақылау аркасының астынан өткен кезде көліктің көтерілген шанағы арка конструкциясына соғылып, бақылау аркасының бір бөлігі зақымданды.
«Жол қызметі оқиға орнына жедел жетіп, учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етті және көлік қозғалысын қалпына келтіруге қажетті шараны қабылдады. Қазіргі уақытта автожолдағы қозғалыс толық қалпына келтіріліп, қалыпты режимде жүзеге асырылуда», делінген хабарламада.

Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Еске салсақ, елімізде көлік ең көп жүретін ақылы жолдар рейтингі жасалды.