Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесе киберқылмыстық әрекетті тоқтату бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Алматы облысында компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, Германия Федеративтік Республика аумағындағы банк шоттары мен дербес деректерге заңсыз қол жеткізді деген күдік бойынша Қазақстан азаматы анықталып, ұсталды.
Оның әрекетінен келтірілген залал алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуроны құрайды», - делінген хабарламада.
Тінту нәтижесінде техникалық деректер, сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу іс-шаралары жалғасуда.