10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы мен Астанадан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстер ашылады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Алматы мен Астанадан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстер ашылады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Отандық FlyArystan әуе компаниясы биылдың соңында Қазақстанның екі қаласынан Солтүстік Гоаға чартерлік рейстерді іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Чартерлік рейстер жаңа жыл мен қысқы туристік маусымға орай ұйымдастырылады. 
Чартерлік рейстер кестесі:

Алматы – Гоа – Алматы: 2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап, сәрсенбі және жұма күндері. 
Астана – Гоа – Астана: 2025 жылғы 30 желтоқсаннан бастап, сейсенбі күндері. 

Бұл рейстерді Солтүстік Гоа аймағында орналасқан Манохар халықаралық әуежайы қабылдайды. 

«Бұл әуежай заманауи инфрақұрылымымен және танымал курорттарға ыңғайлы қолжетімділігімен ерекшеленеді, сол арқылы туристерге жайлы логистика мен қонақүйлерге тез жету мүмкіндігі ұсынады. Чартерлік бағдарламаның іске қосылуы – қазақстандықтардың қыс мезгілінде Гоаға демалуға деген тұрақты қызығушылығын және танымал туристік бағыттарға тікелей рейстерге сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. Турпакеттердің бағасы мен брондау мәселелері бойынша туристік агенттіктерге хабарласуға болады», – делінген әуе компаниясының хабарламасында. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗