Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің аппарат басшысы Эрнар Ержанов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сәбденбекті таныстырды.
Г.Сәбденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқанын атап өткен жөн.

Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды. Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған.
Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек еткен.