Air Astana Дубайға рейстерін наурыз айының соңына дейін тоқтатады

Air Astana Дубайға рейстерін наурыз айының соңына дейін тоқтатады
Фото: Air Astana

Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерін тоқтатады, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Тоқтатылған рейстердің билет құны жолаушыларға айыппұлсыз толық қайтарылады немесе 1 сәуірден 31 мамырға дейінгі аралықта орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады.
Әуе компаниясының мәлімдеуінше, компания қазір Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият қадағалап отыр.

Байланыс үшін Air Astana-ның брондау және ақпарат орталығына хабарласу керек. 

Еске слаа кетсек, Астанада боранға байланысты 20 әуе рейсі кейінге шегерілді.