Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалмақ

Бүгін, 14:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалмақ
Фото: freepik.com

Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамыту Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі ретінде бекітілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл бағыт елдің ұзақмерзімді дамуы мен азаматтардың әлеуетін арттыруға бағытталған.

Конституция жобасына сәйкес, мемлекет білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және кәсіби біліктілікті арттыру салаларына ерекше назар аударады. Адами капиталды дамыту арқылы азаматтардың қабілеті мен мүмкіндіктері толық ашылып, қоғамның әлеуеті күшейтіледі.

Сонымен қатар жаңа Ата заң жобасы адам дамуын және әлеуметтік прогресті елдің басты стратегиялық мақсаты ретінде қарастырады. Бұл ұстаным экономикалық өсу мен ұлттық әл-ауқатты арттыруға тікелей ықпал етеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының толық мәтіні жарияланды.