Абай облысында жол ережесін 42 рет бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

Абай облысында жол ережесін 42 рет бұзған жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды
Фото: Абай облысы ПД

Полиция жүргізушінің бұған дейін 42 әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы Полиция департаментінің сілтеме жасап.

Семей қаласында Глинки мен Спартак көшелерінің қиылысында 26 жастағы жүргізуші басқарған Honda маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында оның жол қозғалысы ережесін жиі бұзатыны анықталды.

«Жүргізуші бұған дейін 42 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Оған 1,2 млн теңге шамасында айыппұл салынған. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес көлік арнайы айып тұрағына қойылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Астанада тұраққа қою қағидасын бұзған 53 көлік айып тұрағына жеткізілді.