Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеулер енгізілді
21 қаңтар, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана-Петропавл автожолының Щучинск маңындағы терминал аумағында 400-ден астам көлік, соның ішінде жеңіл, жүк көліктері мен қоғамдық көліктер кептелісте тұр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция қызметкерлері жолдардағы тәртіпті қадағалап, жергілікті билік өкілдері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр.
Азаматтарды сапардан бас тартуға, ауа райы болжамын бақылауға және Астана-Қарағанды, Астана-Қабанбай батыр-Теміртау, Астана-Ерейментау-Шідерті және Көкшетау-Атбасар бағыттары бойынша қозғалысқа қойылған шектеулерді ескеруге шақырамыз, - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
1 наурыз, 2026
Бүгін – Алғыс айту күні
27 ақпан, 2026
Берік Асылов: «Заң мен тәртіп» қағидаты конституциялық құндылыққа айналады
27 ақпан, 2026
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды
27 ақпан, 2026
Қаңтардан бастап жерге қатысты үш қызмет қашықтан көрсетіледі