25.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

81 Astana English School оқушылары STEAM Azerbaijan 2025 халықаралық фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

|
Photo: 81 Astana English School мектебінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

81 Astana English School оқушылары STEAM Azerbaijan 2025 халықаралық фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

|
Photo: 81 Astana English School мектебінен

Баку қаласындағы «Баку Экспо» орталығында өткен халықаралық STEAM Azerbaijan SAF-2025 фестиваліне 22 елден мыңдаған жас инженерлер, бағдарламалаушылар, зерттеушілер мен өнертапқыштар қатысты. Сол беделді білім сайысында Қазақстан намысын қорғаған халықаралық 81 Astana English School оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, елорда мәртебесін асқақтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) бағыты бойынша өтетін бұл ауқымды фестиваль оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын дамытуға, инновациялық ойлауды қалыптастыруға және жастардың ғылым мен инженерияға қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Фестиваль аясында оқушылар 16 негізгі және 2 қосымша санат бойынша бақтарын сынады. 81 Astana English School мектебінен қатысқан жас өрендер VEX IQ, RoboSoccer және FlyTech (дрондар) санаттарында өнер көрсетіп, жоғары дайындықтарын дәлелдеді.

Кіші топ құрамындағы VEX IQ командасы халықаралық деңгейде бақ сынап, 1-орынды иеленіп, алтын медальмен марапатталды.

Команда құрамы: Уваисов Жаксымбет (7-сынып), Каирбек Арнур (7-сынып), Батырбаев Ислам (5-сынып), Иманали Диар (5-сынып), Сериков Айсултан (5-сынып).

Үлкен топ құрамындағы FlyTech және RoboSoccer бағытында өнер көрсеткен оқушылар 3-орынды жеңіп алып, қола медальға ие болды.

Команда құрамы: Иманмадиев Нурмухаммед (9-сынып, RoboSoccer), Еркінбекұлы Ерасыл (9-сынып, FlyTech), Дисалиев Ермек (9-сынып, FlyTech),  Темірхан Хаммад (9-сынып, FlyTech), Төленды Арнур (9-сынып, FlyTech).

«Бұл жеңіс – оқушылардың қажырлы еңбегінің, ұстаздардың кәсіби дайындығының және ата-аналардың қолдауының нәтижесі. Сонымен қатар команданы жарысқа дайындап, сүйемелдеген жетекшілер – Самыратов Нағашыбай Мұхамедиұлы мен Мукушев Жанарбек Елеукенұлына ерекше алғыс айтамыз.

STEAM Azerbaijan – әлемдік деңгейдегі білім додасы. Онда Қазақстан оқушыларының талантын мойындату – зор жетістік әрі еліміздің білім саласының даму деңгейін көрсететін айқын дәлел.

Оқушыларымыздың биік белесті бағындырып, Қазақстан туын халықаралық аренада желбіреткені біздің мектеп қауымдастығы үшін үлкен мақтаныш.

Біз жас өнертапқыштарымыздың табыстарын әрі қарай жалғастыратынына сенімдіміз», - деп атап өтті 81 Astana English School мектебінің директоры Тоғжан Картаева.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗