5 мыңнан астам шетелдік заң бұзғаны үшін Қазақстан шекарасында ұсталды

5 мыңнан астам шетелдік заң бұзғаны үшін Қазақстан шекарасында ұсталды
Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Шекарада Қазақстан заңнамаларын бұзған 6 021 адам ұсталды, соның 5 034-і шетелдік, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство ақпан-наурызда айындағы қызметінің нәтижесін жариялады. Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тауар мен жүк өткізуге қатысты 2 103 факті анықталған. Соның ішінде 41 факті – есірткі, 50 факті – қару (44 суық қару, 276 дана оқ-дәрі), 1 056 факті – жанар-жағармай (66 тонна) 741 факті – тұтыну тауары (4,6 млрд теңге). Сондай-ақ 1,9 млрд теңге валюта тәркіленген.

Шекарашылар Каспий теңізінде браконьерлікке қатысты 13 оқиғаның жолын кесіп, браконьерлік құралдар мен бекіре балығын тәркіледі. Мемлекетке 330 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Еске сала кетсек, елімізде 2,7 мың заңсыз мигрант әкімшілік жауапкершілікке тартылды.