27 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Бүгін, 15:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
27 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.