Жолаушылар тасымалдарын субсидиялау мәселесі талқыланды
6 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Көлік министрлігінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушылардың қатысуымен теміржол көлігінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын субсидиялау мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кеңесте теміржол жолаушылар тасымалын субсидиялауды регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау, жолаушылар вагондарын жаңарту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ тасымалдаушылардың қызметі жөніндегі министрліктің атына келіп түскен шағымдар және пойыздардың бәсекелестігі үшін мүмкіндіктер жасауды ескере отырып, маршруттық желіні қайта қарау бойынша мәселе көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар