Жеңіс Қасымбек: Серік Ақсұңқарұлы – тұтас қазақ еліне ортақ айбоз ақын

Фото: Instagram/jenis_qasymbek
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгін қазақтың ақиық ақыны, дарынды сөз зергері Серік Ақсұңқарұлы мерейлі 75 жасқа толып отыр. Бүгінде ел ағасына айналған Серік ағамызбен Қарағанды облысында еңбек еткен жылдары етене араластық. Ол қай кезде де ел-жұрттың сөзін сөйлеп, игі бастамалардың жаршысы болып жүретін. Ақын ретінде Серік ағамыздың отты жырлары қазақ әдебиетінің шоқтығы биік туындылары санатында. Сондықтан оны тек Арқа жұртына емес, тұтас қазақ еліне ортақ айбоз ақын деп білеміз. Бүгінгі мерейлі жасына орай Серік Ақсұңқарұлының әулетіне амандық, бақыт пен береке тілеймін», - деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады