00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында 14 кітаптың тұсауы кесілді

13 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында 14 кітаптың тұсауы кесілді
Фото: Elordainfo.kz

Бүгін Алматыда «Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы аясында жарық көрген 14 кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР мемлекеттік Кітап палатасы ұйымдастырды.

Жиынға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қуантай және қоғам қайраткерлері, белгілі қаламгерлер, мемлекеттік бағдарламамен жарыққа шыққан кітап авторлары мен кітапты шығарушы баспагерлер, кітапхана қызметкер қатысты.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда кітап индустриясын дамытуға баса назар аударғаны белгілі. «Жаңа қазақ әдебиеті» сериясымен шыққан кітаптардың тұсаукесері Президенттің тапсырмасын іске асырудағы үлкен қадамдардың бірі. Бұл сериямен бұрын жарық көрмеген, әдебиетке тың серпін берген және қазақ әдебиетінің жаңа келбетін қалыптастыруда айрықша орын алатын әдебиеттер басылып шығатыны баршаңызға мәлім. Жаңа қазақ әдебиеті өкілдерін қолдау министрліктің әрдайым назарында, - деді Арман Жүдебаев.

«Жаңа қазақ әдебиеті» жобасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында өткен жылдан бері қолға алынған бірегей бастама. 2022 жылы осы бағдарламамен 10 автордың кітабы жарық көріп, әрқайсысы 3 мың данамен еліміздің түпкір-түпкіріне жеткізілді. Биыл жарыққа шыққан 14 кітаптың барлығы да еліміздегі кітапханалардың қорын толықтырады.

Жиын барысында іс-шараға қатысушылар қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін талқылады.