Қыркүйекте Алматы мен Қырғызстанның Қаракөлі арасында автобус қатынайды

Фото: freepik.com
Қыркүйектен бастап «Кеген» бақылау-өткізу пункті арқылы халықаралық маңызы бар Алматы – Қаракөл автобус бағыты ашылады, деп хабарлады Elordainfo.kz Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Бұл шешім екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың келісімдерінің нәтижесінде қабылданған.
Еске салайық, мұндай бағыт Кеңес Одағы кезінде болғанымен, тәуелсіздік алғаннан кейін түрлі себептерге байланысты тоқтаған болатын. Енді бұл бағыт жыл бойы тұрақты түрде жұмыс істейді.
Еске салайық, өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барып, келіссөздер жүргізген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

11 қазан, 2025
Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды

11 қазан, 2025
Маңғыстаулық полицейлер Малайзиядан келген туристердің жоғалған телефондарын табуға көмектесті

10 қазан, 2025
Елімізге Таиландтан келген туристер саны 2 есеге артты

10 қазан, 2025
15-16 қазанда Астанада халықаралық құран жарысы өтеді