Қырғызстанда жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітіледі
11 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Коллаж: Elordainfo.kz
Қырғызстанда жеті атаға дейін қыз алыспау заңмен бекітіледі, деп хабарлайды Elorda.info.
Еске салайық, мұндай тәртіп қазақ дәстүрінде де бар. Бірақ, Қазақстанда мұндай заңды талап жоқ.
Қырғызстанда, сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бір-біріне үйлене алмайды:
Өзге адаммен некеге тұрғандар;
Жеті атаға дейін туыстас жандар;
Асырап алушы мен асырандылар;
Жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
Бір жынысты адамдар.
Бұл санаттарға жатпайтын жастар өзара келісімі болған жағдайда және 18 жастан асқан болса, еш кедергісіз некеге тұра алады. Үйленер алдында олар бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Бұл үшін олар арнайы медициналық тексеруден өтеді. Оның қорытындысы медициналық құпия болып саналады.
Ұқсас жаңалықтар