00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болуы мүмкін

18 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
WhatsApp-та чаттар мен фотоларды сақтау ақылы болуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Енді WhatsApp мессенджеріндегі хат-хабарлар мен файлдар Google Drive бұлтына орналасады, деп хабарлады Elorda.info

Ватсаптың ресми сайтының хабарлауынша, егер пайдаланушы алдағы айларда чаттардың резерв көшірмесін Android құрылғысында жасаймын деп шешсе, көшірме Google-дың лимитіне есептеледі. 

Егер жад шегінен асып кетсеңіз, резерв көшірме жасауды жалғастыру үшін Google-дың есеп жазбасынан орын босатуыңыз керек, - делінген хабарламада. 

Бета нұсқасын пайдаланушылар үшін өзгерістер 2023 жылдың желтоқсан айында күшіне енетіні және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Android платформасындағы WhatsApp пайдаланушыларына біртіндеп енетіні атап өтілді.