Трассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жолды тарылту әдісі қолданылады


Трассаларда жол апаттарының жиілеуіне байланысты ІІМ «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында барлық автожолдарға талдау жүргізіп, аса қауіпті учаскелерді анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жолдың сол бөліктерінде жаңа тәсіл — жолды тарылту әдісі енгізілуде.
Ол ЭЫДҰ елдері мен АҚШ-та қолданылады. Мақсат - тексеру емес, қайғылы жағдайлардың алдын алу.
Тарылған жолда жүргізуші жылдамдықты автоматты түрде төмендетіп, мұқият болады. Бұл қауіпті аймақ арқылы өтуді қауіпсіз етеді.
Полиция қызметкерлері көлік жүргізіп келе жатқан адамның шаршамағандығына және жолды жалғастыра алатынына көз жеткізу үшін қысқаша профилактикалық әңгіме жүргізеді.
Сонымен қатар тәртіпті қамтамасыз ету үшін ІІМ дрондар мен жасырын патрульдеуді белсенді қолданады.



