00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Таразда металлургия зауыты аумағында алапат өрт болды

22 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Таразда металлургия зауыты аумағында алапат өрт болды
фото: ашық дереккөзден

Таразда металлургия зауытының аумағында болған алапат өрт әрең сөнірілді. Жалын ішінде май бөшкелері тұрған электр қосалқы станциясынан тұтанған. Бұл туралы Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Зауыттың негізгі ғимараттарын да өрт шарпу қаупі болды.

Тараз метталургия зауытындағы өрт кеше кешкісін басталды. Өрт жоғарғы кренеулі трансформатордан тұтанған. Ғимаратта бөшкелерде 60 тонна май сақталыпты. Сондықтан өрт ошағандағы қатты ыстыққа кіру үшін өрт сөндірушілер арнайы костюм киюге мәжбүр болды. Май бөшкелерін салқындату мен жалынды сөндіру қатар жүрді. Өрт көршілес ғимараттарға көше жаздады. Дегенмен 120 тонна су мен бір тонна көбіктің арқасында тілсіз жау 3 сағатта әрең ауыздықталды.