00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Талдықорған тұрғынының көлігінен 20 млн теңгенің есірткісі табылды

24 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Талдықорған тұрғынының көлігінен 20 млн теңгенің есірткісі табылды
Фото: видеодан скриншот

Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны көлігіне бір келі мефедронды салып алып, таратқан, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жетісу облысының полициясы «Toyota Yaris» автокөлігін тексеріп, 2 мың доза синтетикалық есірткі тауып алған. Есірткінің нарықтағы құны 20 миллион теңгеге бағаланады.

«Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады», - делінген ІІМ хабарламасында.