00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың қысқы маусымға дайындығы пысықталды

24 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Елорданың қысқы маусымға дайындығы пысықталды
Фото: freepik

Астана қаласының Коммуникациялар қызметі алаңында елорданың жылыту маусымына дайындығы туралы талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жылу энергиясымен қамтамасыз ететін мекемелер Астана қаласында жылыту маусымының күзгі-қысқы дайындық жұмыстарының басталып кеткенін айтқаны белгілі.  

«Биыл жазғы кезеңде жылыту маусымына дайындық шеңберінде «Астана-Энергия» АҚ негізгі жабдықты жаңарту және жөндеу бойынша елеулі жұмыстар атқарылғанын мәлімдеді. Күрделі жөндеу компанияның әртүрлі энергетикалық блоктарындағы 5 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегатта жүргізілген. Сондай-ақ, биыл энергия жабдықтары, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл жылыту жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Ал «Астана-Энергия» АҚ күрделі жұмыстар мен негізгі жабдықтарды жаңартқан.

2024-2025 жылдардағы қысқы-күзгі кезеңге дайындық аясында қарастырылған мәселелердің бірі - дайындықтың бірінші кезеңінде 55 жылу магистралі мен тарату желілерін тығыздық пен беріктікке тексеру мен сынақ жұмыстары болды. Сынақтан өткен 55 жылу магистралі жалпы жылу магистралі көлемінің 100%-ын құрап отыр. Сондай-ақ 14 сорғы станцияларында және 1 жылу пунктінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Дайындықтың маңызды бөлігі 1217,95 м ұзындықтағы жылу желілерін ағымдағы жөндеу және эксплуатацияға беру болды», - деді Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Көпешов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй қорындағы 3 357 үй 98%, денсаулық сақтау саласының 36 нысаны 100%, білім саласының 186 нысаны 99%, мәдениет саласының 15 нысаны 100% жылыту маусымына дайын. 2024-2025 жылғы қысқы кезеңге арналған жылудың жалпы қуаты 4 104 Гкал/сағ құрайды.