00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Талаптар өз алдына...»: Аймағамбетов трансвеститтер шоуына барған ұстаздарға араша түсті

17 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Талаптар өз алдына...»: Аймағамбетов трансвеститтер шоуына барған ұстаздарға араша түсті

БАҚ пен әлеуметтік желіде трансвеститтер шоуына барғаннан кейін жұмыстан шыққан қызылордалық екі  мұғалімнің жағдайы туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл оқиғаға қатысты бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, мұғалімдер Түркияда демалып жүрген кезінде шоуға барған. Кейін әлеуметтік желілерде видео тарап, бұл жайт оқушылардың ата-аналары мен педагогтердің әріптестерінің наразылығын тудырыпты.

Бұл орайда депутат мұғалімдердің өз құқығы бар және олар қарапайым азаматтар екенін ұмытпау қажет екенін еске салды.

Педагогтар де біз сияқты азаматтар және ешкім өз құқығынан шектеле алмайды. Сондықтан бұл тұста мұғалімдерге қойылатын талаптарды нақты саралауымыз керек. Әрине, жоғары талаптар өз алдына. Бірақ біз олардың қарапайым азаматтар екенін түсінуіміз керек. Бұл жағдайда олардың кінәсі не екеніне білу керек, – деді ол.