Тұрғын үй кезегі: үйі жоқ қазақстандықтарға баспана қалай беріледі

27 мамыр, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Тұрғын үй кезегі: үйі жоқ қазақстандықтарға баспана қалай беріледі
Фото: Freepik

24 мамырда іске қосылған баспана кезегіне 170 мың өтінім келіп түскен. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«24 мамырдан бастап өзгеріс енгізілді. Енді «Отбасы банкінде» бір терезе орталығы бар. Жүйе іске қосылғанға көп уақыт өткен жоқ. Осы уақыт аралығында 170 мыңдай өтінім келіп түсті. Оның 70 мыңы қабылданды. Бұған дейін баспана алуға кезекке 650 мыңдай адам тұрған. Бұл тізімге соңғы күндері өтінім бергендердің 70 мыңы қосылды. Кезек тізіміндегі адамдар саны артуы мүмкін. Баспаналардың 70 пайызы әлеуметтік осал топтағы адамдар санатына, ал қалған 30 пайызы кезекке тұрған адамның уқаытына қарай беріледі. Сондай-ақ мұнда тағы қосымшк критерийлер бар», - деді министр.

Айта кетейік, қазақстандықтар 24 мамырдан бастап үй кезегіне кезекке тұра алады. Негізгі талап азаматтың соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйі болмауы керек.