00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Сарбаздар бір күнде 9 мың құм салынған қап әзірледі

19 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Су тасқыны: Сарбаздар бір күнде 9 мың құм салынған қап әзірледі
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен

Сарбаздар екі аптада 130 мыңнан астам құм салынған қап әзірледі, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі сәтте біздің курсанттар Бескөл елді мекенінің су басу ықтималдығы жоғары тұсына көмекке келді. Бұл жерде ұландықтар алдын алу жұмыстарын атқарып жатыр. Бір күнде біздің курсанттар 9 мың қап әзірледі. Мұндай істі қолға алудағы мақсатымыз — төтенше жағдай кезінде халықтың қасынан табылып, оларға жәрдемдесу, - деді оқу батальоны командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары капитан Мейрамбек Талапкер.

Академияның тәлімгерлері де елдегі ахуалға алаңдаушылықпен қарайды.

Қазір еліміздің көп бөлігі табиғи апаттан жапа шегіп жатыр. Сондықтан біз өз қаруластарымызбен бірге Солтүстік Қазақстан облысында болып жатқан қиын жағдайлар кезінде азаматтарға көмек беріп жатқан жайымыз бар. Біз жылдам әрі тез көмек беруге тырысып жатырмыз. Әрбір ер азамат ел басына қиындық туғанда көмекке ұмтылуға тиіс. Бұл — біздің бұлжымас міндет, - деді курсант Рауан Тұрдақын.