Су тасқыны: Елордалық ҚХА аймақтарға гуманитарлық көмек жіберді
Бүгін елордалық Достық үйінің алаңынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы аясында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге кезекті гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлады Elorda.info.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы бірінші кезектегі қажетті заттар тиелген жүк көліктері Солтүстік Қазақстан облысына аттанады.
Іс-шараға елордалық ҚХА этномәдени орталықтарының мүшелері және жастары қатысты.
Бірнеше өңірде су тасқыны болып жатыр, еріктілер қиын сәтте шетте қалмады. Көптеген отандасымыз су тасқынынан зардап шеккендерге жәрдемдеседі. Қазақстан халқы Ассамблеясы да әрқашан көмек қолын созады, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ҚР өзбеу «Дустлик» қауымдастығы төрағасының орынбасары Хасан Шарипов.
Аталмыш жоба барлық қазақстандықтардың қолдауына ие болып, берік бірліктің символына айналды. Қайырымдылық жобасына еліміздің түкпір-түкпірінен ҚХА-ның 11 мыңнан астам еріктілері жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы аясында Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарына гуманитарлық көмек жіберілген болатын.