00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сіз өте әдемісіз»: Полицейлердің жаңа тәсілі тұрғындарға ерекше әсер сыйлады

16 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сіз өте әдемісіз»: Полицейлердің жаңа тәсілі тұрғындарға ерекше әсер сыйлады
Фото: дереккөз

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таң қалдырды.

Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет, – дейді полицейлер.