Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады

10 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз кей уақытта екпіні 23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарда -25-27 градус қатты аяз күтіледі.