Санкт-Петербургте Әлия Молдағұлованы еске алды
17 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
Фото: СІМ баспасөз қызметі
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігінің 80 жылдығына орай қазақстандық дипломаттардың қатысуымен еске алу шарасы өтті, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында ҚР - ның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қазақтың қаһарман қызын еске алушылар өзі білім алған, қазіргі уақытта Ә. Молдағұлова атындағы мемориалдық мұражайы бар №140 мектепте болды. Ол жерде Бас консулдық өкілдерінің, әскери академия студенттерінің, сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен қазақ халқының даңқты қызының ерліктеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті