00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

СҚО-да 4,3 млрд теңгені тиімсіз жұмсамақ болған шенеуніктер анықталды

16 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
СҚО-да 4,3 млрд теңгені тиімсіз жұмсамақ болған шенеуніктер анықталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары 4,3 млрд. теңгеге бюджеттік қаражатты жұмсаудың алдын алды, деп хабарлады Elorda.info. 

Қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы» ҚР Заңдарын талаптарын бұзып, 2,5 млрд теңгеге көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген. 

Басқа жағдайда, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары ҚР Бюджеттік кодексінің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд.теңге көлемінде бюджет қаражатын бөлген. «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңының талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алуды жүргізген, - деп көрсетті Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алуларды өткізуге тыйым салынды. Ал жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Аталған салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапкершілікке тартылған, 4,3 млрд. теңге бюджет сомасын тиімсіз жұмсаудың алды алынды.