Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысы басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысы басталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінен

Республикалық техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысы басталды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Еліміздің барлық аймақтарынан келген 180 оқушы әуе, зымыран, авто, кеме модельдеу бойынша сынға түседі. Жас өнертапқыштардың командалық жарыстары қала мен облыстың бірнеше нысанында бір уақытта өткізіліп жатыр. 

2 күндік жарыс қосымша білім беру педагогтері үшін тәжірибе алмасуға, жас конструкторлар мен инженерлерге шығармашылық әлеуетін іске асырып, ғылыми-техникалық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Бұл жас өнертапқыштар мен техниктерге өздерін жүзеге асыруға,идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еліміздегі ірі шығармашылық және интеллектуалды шара. Техникалық шығармашылық –  әрқашан ойдың ұшқырлығы мен шеберліктің көрінісі.  Бұл – болашаққа жасалған қадам, - дейді республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады.